Бүгін №28 мектеп-лицейінде “Білім және саналы ұрпақ” тақырыбында мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Білім сапасы
2. Мектептің ішкі тәртібі
3. Мектепішілік ” Оқырман “ ұйымының оқушылар және ата-аналармен шығарма оқу және талдау мәселелері
4. Әр түрлі мәселелер
Баланың білімді, саналы, жан-жақты болып қалыптасуы – ұлт болашағы үшін әрқашанда маңызды. Ал оған ықпал ету ең алдымен білім ордалары мен ана-аналарға жүктелген міндет.Осы қағиданы назарға алған ұстаздар қауымы жиналған ата-аналарды мектеп өмірімен тығыз қарым-қатынаста болып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.Жиын барысында ата-аналар ұл-қыздарының I тоқсан бойынша үлгерім сапасымен танысты.
Сондай-ақ, жиын барысында ата-аналар құндылыққа негізделген білім негізінде жазушы Дулат Исабековтың “Қара шаңырақ” шығармасын талдап, пікір алмасты.
«Қара шаңырақ» әңгімесі – ұлттық құндылықтың бастауы ауылмен байланысты екенін аңғартатын туынды. Автор жас буын бойында ұлттық ділдің берік болуы – ұлт өміршеңдігінің кепілі екенін дәйектеп, оқырманға ой салып, өз тегіңді сақтауға үндейді.Ата-аналар қауымы да осы тұрғыдан алғанда туындының тұла бойы құндылыққа толы екенін тілге тиек етті.
Білім сапасын арттыру, ата-аналарды мектеп өміріне етене араластыру, ынтымақтастық байланыс орнату мақсатын көздеген жиналысқа қатысқан ата-аналар мектеп ұжымына алғыстарын айтты.











