«Таза Қазақстан» кең ауқымды акциясы

«Таза Қазақстан» кең ауқымды акциясы

Дата: 17.11.2024

№28 мектеп лицейінің ұжымы «Таза Қазақстан» кең ауқымды акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке өз үлестерін қосты.
🌳🌳Жұмылған жұдырықтай білім ұясының тазалығын ойлап, ерікті еңбек еткен ұжым мүшелері мектеп ауласын арам шөптерден тазарту, ағаш көшеттерінің айналасын қопсыту, қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізілді.
🌳🌳«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты — ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың, әсіресе, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
🌳Қоршаған ортаның тазалығы — денсаулық кепілі екенін ескерген жандарға алғыс айтамыз.