Nº28 мектеп-лицейінде 2024 жылдың, 15 қарашасында жас мамандардың онкундігі өз жалғасын тапты. Бүгінгі ашық сабақты жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің, мұғалімі Қалиева Айкерім Бахтиярқызы 3“Б”сыныбының оқушыларымен «Қазақ тілі» пәнінен “Жылдың төрт мезгілі “ тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жораева Гулжамал Тулегеновна және орыс тілі бірлестігінің, жетекшісі Асанхановна Гүлмира ,тағы да басқа ұстаздар қатысып, өз пікірлерін білдірді. Жас маман өз ашық, сабағында жаңа платформаларды қолданды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ жоспарға сай өткізіліп, мақсаты мен міндеттеріне жетті. Жекелей, жұптық тапсырмаларды орындау арқылы сабақтың тақырыбының өзектілігін аша білді. Сонымен қатар отбасындағы жауапкершілік, адалдық, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай отырып, сабағына енгізіп, оқушыларға ортақ түсінікті тілде ұғындыра білді. Қорыта келгенде, жас маманның ашық сабағы өте жақсы деп бағаланды.