Жас мамандардың арасында ашық сабақтардың өтілуі өз жалғасын тапты

Жас мамандардың арасында ашық сабақтардың өтілуі өз жалғасын тапты

Дата: 22.11.2024

Nº28 мектеп-лицейінде 19 қараша күні жас мамандардың арасында ашық сабақтардың өтілуі өз жалғасын тапты. Бүгінгі ашық сабақты жас маман, Асылхан Айкен Ержанқызы 5 ”Ә”сыныбының оқушыларымен «Қазақстан тарихы» пәнінен “Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті“ тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжамал Төлегенқызы, директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Ельмира Сатыбалдықызы және Тарих-География пәнінің бірлестік жетекшісі Атығаев Алиайдар мен бір топ ұстаздар Л. Аблаева, Л. Садыкова, М.Жолдыбаева, қатысып, өз пікірлерін білдірді. Ашық, сабақ барысында жас маман жаңа платформаларды қолданды, соның ішінде Canva мен “сиқырлы қорапша” әдісі. Сабақ жоспарға сай өткізіліп, мақсаты мен міндеттеріне жетті. Жекелей, жұптық тапсырмаларды орындау арқылы сабақтың тақырыбының өзектілігін аша білді. Сонымен қатар отбасындағы жауапкершілік, адалдық, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай отырып, сабағына енгізіп, оқушыларға ортақ түсінікті тілде ұғындыра білді. Қорыта келгенде, жас маманның ашық сабағы өте жақсы деп бағаланды.