Мұғалімдер арасында волейболдан мектепшілік сайыс

Мұғалімдер арасында волейболдан мектепшілік сайыс

Дата: 23.11.2024

№ 28 мектеп-лицейінде мұғалімдер арасында волейболдан мектепшілік сайыс болып өтті. Спорттық жарысқа әр бірлестіктен 1 командадан қатысып, тартысты ойын көрсете білді. Негізгі мақсаты — қозғалмалы ойындарда волейбол элементтерін жетілдіру, командада жұмыс істеу дағдыларын және көшбасшы болу дағдыларын дамытуға септігін тигізу, мұғалімдердің сабақтан тыс уақытта спортқа деген белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Сайыс нәтижесінде 1-орынды “Тарих”, “Орыс тілі” бірлестіктері, 2-орынды “Қазақ тілі” бірлестігі, 3-орынды “Бастауыш сынып”, “Химия-биология” бірлестіктері иеленді.