“Тәуелсіз ой алаңы”дебат клубының кезекті шарасы өтті

“Тәуелсіз ой алаңы”дебат клубының кезекті шарасы өтті

Дата: 27.11.2024

Бүгін мектебімізде “Тәуелсіз ой алаңы”дебат клубының кезекті шарасы өтті. Дебатқа директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ержанова Феруза, Қосымша білім беру педагогы Жанайым Рахман тағы да басқа ұстаздар мен көрермендер қатысты. Бүгінгі ойынға қатысқан фракциялар “Алаш”, “Тұңғиық”, “Дамушылар”, “Алаш ордасы”. Фракцияларға берілген карар 1.»Онлайн оқу дәстүрлі оқудан жақсы ма?», «Компьютер ойындары балаларға пайдалы ма, зиян ба?», «Ғарышқа бару маңызды ма, жоқ па?», «Достық өмірдегі ең маңызды нәрсе ме?», «Балмұздақ жазда жақсы ма, қыста ма?». “Алаш” фракциясынан Әбубәкір ,Алихан бүгінгі ойын жеңімпаздары атанды. Дебат ойыны әр аптаның сейсенбі күні сағат 13:00 де тұрақты түрде өтеді.
Келесі ойында кездескенше!