№28 мектеп-лицейінде “Жас мамандардың он күндігі” жобасы аясында ашық сабақтар өткізілуде. Мақсаты — жас ұстаздардың кәсіби дамуына және шығармашылыққа бағыт беру, қарым-қатынасты нығайту. Бұл жоба жас мұғалімдерге өз шеберліктерін шыңдауға, кәсіби қабілеттерін арттыруға және ұстаздық жолда кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын табуға мүмкіндік береді. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлжамал Төлегенқызы жоспарға сай ашық сабақтарға қатысып, жас мамандарға тың әдіс-тәсілдермен ұлттық құндылықтар негізінде жаңаша бағытта өткізуге жол сілтеді. Жас мамандар: Жібек Махашева, Гүлмира Исаева, Ақсәуле Рахымбай, Лаззат Түймебек, Маметаева Умида, Адилбеков Ержан, Абдуладиев Мадияр, Төлеген Ақерке, Усенов Ұлықбек, Кәрібаева Сымбат, Досбергенова Нурила, Серік Балжан, Сейденбек Ақберді, Есполова Қарлығаш, Джумабаева Саида, Өмірзақ Ербол ашық сабақтар өткізді. Ашық сабақтарға пән мұғалімдері қатысып, өзара әдіс-тәсіл алмасты.






