№28 мектеп-лицейінде “Kitchen klab” асханасында 6 «А” сынып жетекшісі Айнұр Күмісбекованың ұйымдастыруымен қыз балаларға асхана ережелері, ас мәзірін даярлау жолдары үйретілді. Оқушы қыздар Айнұр Абылайқызымен бірге тағам түрлерін дайындап үйреніп, аспаздық қабілеттерін дамытты. Сондай-ақ, жеңіл тағам түрлерінің дайындау үлгерін үйренді. Қыз баланы әсемдікке, аспаздық шеберлікке, топпен жұмыс жасауды меңгертуді көздеген дәрістен оқушылар көтеріңкі көңілмен тарасты.