“Баланың бас ұстазы — ата-анасы” тақырыбында лектория ұйымдастырылды

“Баланың бас ұстазы — ата-анасы” тақырыбында лектория ұйымдастырылды

Дата: 30.11.2024

№28 мектеп-лицейінде 4 “Ә” сынып жетекшісі Құралова Лаура мен 4 «В» сынып жетекшісі Ахметова Наргизаның ұйымдастыруымен “Баланың бас ұстазы — ата-анасы” тақырыбында лектория ұйымдастырылды. Мақсаты — ата — аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту. Лектория барысында ата — ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру, баланың қызығушылығын ояту көзделді. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата — ананың бірігіп жұмыс жасауы да назарға алынды. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата — ананың жауапкершілігі, мектепте ата — ананың оқу — тәрбие саласындағы рөлі талқыланды.