“Aqyl Battle” зияткерлік сайысы

“Aqyl Battle” зияткерлік сайысы

Дата: 30.11.2024

29-қарашада мектебімізде “Математика” пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында “Aqyl Battle” зияткерлік сайысы өткізілді. Оған әр бірлестіктен 2 мұғалімнен қатысты. Айта кетейік, Aqyl Battle – қазақ тіліндегі интеллектуалдық ойын. Онда сұрақтар әртүрлі пәнге, салаға бағытталған. Бір ерекшелігі — ойында шынайы қарсыластың болуы, қатысушылардың Aqyl Battle ойнауына мотивация береді. Сәйкесінше, көбірек білім алуына әсер етеді. Өз бетінше ізденуге, ойын еркін жеткізуге үйрету, ойлау қабілетін дамыту мақсатын көздеген ойын қатысушыларға зор серпін берді.