«Достық» жобасы  қайта жалғасын тапты

«Достық» жобасы қайта жалғасын тапты

Дата: 02.12.2024

Жылдағы дәстүр бойынша 29.11.2024 ж «Достық» жобасы қайта жалғасын тапты. Алғашқы кезеңі «Жұлдызды сәт». Мақсаты: Достық құндылықты дәріптей отырып,жоғары сынып пен төменгі сынып оқушыларының бір-біріне жағымды қарым-қатынасы мен бауырмалдық, қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру. Жобаның жүргізілу барысы әр он күн сайын қатысушы топтар сайысқа түсіп, әділқазылар алқасының ұпайларымен бағаланып отырады. Жоба соңында «Достық» қауымдастығының ең жоғары ұпайын жинап, жеңіске жеткен тобына «Достық» кубогі беріліп, мектеп директорының мадақтамасымен марапатталып, еліміздің көркем жерлеріне саяхатқа жолдама беріледі. Сондай-ақ, белсенді қатысқан топтарға кино, театр, басқа да мәдени орталықтарға бару билеттерімен қамтамасыз етіледі. Жобаға қатысушы топтар: «Шаңырақ» тобы- жетекшісі: Махашева Жібек, «Tulga» тобы жетекшісі-Рахымбай Ақсәуле, «Қара құйын» тобы- жетекшісі: Жарқынбек Заңғар, САМҰРЫҚ» тобы- жетекшісі: Бабажанов Ислам, «Бірлік» тобы- жетекшісі: Түймебек Ляззат, Жер жүрегі тобы-жетекшісі: Спабек Бекболат, АЛАШ ОРДА тобы-жетекшісі: Асылхан Айкен, «Zerek» тобы- жетекшісі: Бекзада Динара, Көкқыран тобы-жетекшісі: Қалмырзақызы Ақжан.Балалардың бойында бір-біріне деген достық, достық сезімдерін қалыптастыру, бір-біріне деген достық қарым-қатынасты тәрбиелеу, ұстамды болу, ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелейтін жобаның білімгерлерге берер тәлімі мол.