Мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының сыныптан тыс шығармашылық жұмыспен айналысуына баса назар аударылады. Әр айға іс-шаралар мен түрлі сайыстар жоспарланған. 4-сынып оқушылары арасында қолды үзбей сызу жұмыстары жүргізілді. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, суреттегі бейнелерді қолдарын үзбей бастыруға үйрету, бастаған істі аяқтай білуге қалыптастыру, түстерді айырып, щығармашылық қабілеттерін шыңдауға баулу мақсатында жұмыстар атқарылды.