ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ — ЖАҢА БЕЛЕСКЕ ҚАДАМ БАСУ

ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ — ЖАҢА БЕЛЕСКЕ ҚАДАМ БАСУ

Дата: 20.12.2024

19-20 желтоқсанда мектебіміздің 1-сынып оқушылары әліппемен қоштасу ертеңгілігіне қатысты. 1-сынып оқушылары мектеп табалдырығындағы алғашқы маңызды кезеңді артқа тастап, Әліппемен қоштасты. Олар үшін әріптер мен сөздердің сиқырлы әлеміне есік ашқан сүйікті кітаптары өмір бойы есте қалары сөзсіз. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. Салтанатты жиын барысында мектеп директоры Л.Жаналықызы бүлдіршіндерге білім жолдарының ашық болуына тілектестігін білдіріп ақ жолтай тілегін айтты. Ертеңгілікте оқушылар ән мен жырдан шашу шашып өз өнерлерін көрсетті. Өз кезегінде қатысушы ата-аналар да өз тараптарынан мектеп ұжымы мен ұстаздарға алғыстарын жаудырды. Бүлдіршіндеріміздің білімге деген алғашқы қадамына жол сілтеген ұстаздары – балалардың жүрегіне жылулық ұялатып, болашаққа деген сеніммен қанаттандырды. Кішкентай шәкірттерімізді құттықтаймыз! Алдағы оқу жылдары жарқын жетістіктерге толы болсын!