“Жасөспірім” профилактикалық іс-шарасы

“Жасөспірім” профилактикалық іс-шарасы

Дата: 18.09.2024

Түркістан қаласы Полиция басқармасының ұйымдастыруымен 17-19 қыркүйек аралығында Түркістан облысы көлемінде “Жасөспірім” профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында №28 мектеп-лицейінде 8-сынып оқушыларымен Түркістан ҚПБ ЖПҚб ЮПт УПИ полиция капитан А.Қаражігітова жиналыс өткізді. Жиналыстың мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Түнгі уақытта сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін заңды өкілінсіз тұрғылықты мекен-жайдан тыс жүрмеу, орын алған жағдайда жасөспірімнің заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғатыны ескертілді. Отбасылық зорлық-зомбылық, нашақорлық, кереғар дін ағымдар мен секталардың іс-қимыл тәсілдері, өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Тәртіпке бағыну, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау жайы ескертілді. Оқушылардың бойына жауапкершілік, әділдік сынды адами құндылықтарды сіңіру, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға шақырды.