Арманға жетелеген жол

Арманға жетелеген жол

Дата: 23.09.2024

16-қыркүйек күні №28 мектеп-лицейінде қаһарман Ғазиз Байтасов атындағы кино залында Түркістан облысы ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Ондағы мақсат: оқушыларға жолда жүрудің қауіпсіздік ережелерін таныстыру, қоғамдық ортадағы тәртіпті сақтауды басты назарға алу.
Өнеге сағатының қонақтары Түркістан облысы Полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының басшысы, полиция полковнигі Асқаров Мақсат Нұрқожаұлы, Түркістан облысы ІІО мен ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев полиция сыныбында алғашқы сабағын өткізді. Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.