Спорттық сайыстар өткізілді

Спорттық сайыстар өткізілді

Дата: 23.09.2024

Бүгін №28 мектеп-лицейінде “Әке -алтын діңгек” жобасы аясында спорттық сайыс өткізілді. Жарысқа қатысушы әкелер волейбол, футбол, шахмат, үстел теннисі сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті. Спорттық доданы ұйымдастырудағы мақсат — жанұядағы әке мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, әке орнының ерекшелігін ұғындыру. Сондай-ақ, балалардың қимыл-қозғалысын жетілдіру, салауатты өмір салтын сақтау, ептілікке, төзімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу де басты назарға алынды. Жасөспірімдердің белсенділігін дамытып, дене сымбатының түзу қалыптасуына да зор ықпалы болмақ.
Тартысты өткен спорттық жарыс нәтижесінде жеңімпаз командалар арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта білім ордасы жоспарға сай осындай іс-шараларды жиі ұйымдастыруды жоспарлап отыр.