Жас мамандардың кәсіби шеберлігін дамыту

Жас мамандардың кәсіби шеберлігін дамыту

Дата: 23.09.2024

21-қыркүйекте №28 мектеп-лицейінде «SMART оқыту арқылы жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру» атты шеберлік сағаты өткізілді.Жас мамандарға арналған шебер сыныптың мақсаты – оларға кәсіби жолда кездесетін қиындықтарды еңсеруге көмектесу, өзін-өзі дамытуға ынталандыру және болашақ жетістіктерге жету үшін қажетті бағыт-бағдар беру.
Тәжірибелі ұстаздар Жағыпарова Д.Д. мен Калметова Г. Қ. озық іс -тәжірибемен бөлісу арқылы, әдістемелік көмек көрсетті. Жас мамандардың шығармашылық мүмкіндіктерін, идеяларын тиімді пайдалана білуге қолайлы жағдай жасау, озық әдіс-тәсілдер алмасу жайы назарға алынды. Педагогикалық тәжірибе алмасу-шығармашылық ізденісті қажет етеді. Тәжірибе алмасып, білім жетілдіру арқылы жаңашылдық үрдісі қарқын алады. Ұсынылған ұтымды әдіс-тәсілдер ұстаздарға өз тәжірибелерінде тиімді қолдануға ықпал жасайды.