«Оқырман» ұйымы Төлен Әбдікұлының «Ақиқат» шығармасына әдеби талдау жасады

«Оқырман» ұйымы Төлен Әбдікұлының «Ақиқат» шығармасына әдеби талдау жасады

Дата: 26.09.2024

Мектебіміздің «Оқырман» ұйымы Төлен Әбдікұлының «Ақиқат» шығармасына әдеби талдау жасады. Психология мен философиялық мәні терең бұл шығарманы талдау барысында оқырман оқушылар да, мұғалімдер де құнды пікірлер айтты. Шығарманың тақырыбы, идеясы, оқырманға берер құндылығы мен үлгі өнегесі тілге тиек етіліп, емін-еркін ой бөлісті.
«Оқырман» ұйымы әр аптаның сәрсенбі күні сағат 15:00 де шығарма талдауды жалғастырады. Осы үрдіс арқылы оқырмандар «Айдың үздік оқырман оқушысы», «Айдың үздік оқырман мұғалімі» марапаттарымен марапатталатын болады. Жыл соңында «Жылдың үздік оқырманы» марапатымен оқырмандарды марапаттау жоспарланған.
Құрметті оқырмандар, бізге қосылыңыз! Әр оқушы, әр мұғалім үздік оқырман болуға лайықты!