Ғылымның дамуы — еліміздің болашағы” тақырыбында шебер сынып өтті

Ғылымның дамуы — еліміздің болашағы” тақырыбында шебер сынып өтті

Дата: 26.09.2024

№28 мектеп-лицейінде “Жас Ғалым” оқушылардың кіші ғылыми академиясының жылдық жоспарына сәйкес, директордың бейіндік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Е. Телемисова мектеп магистрларымен бірлескен “Ғылымның дамуы — еліміздің болашағы” тақырыбында шебер сынып өткізді. Шебер сынып өту барысында мұғалімдерге ғылыми жоба тақырыбын дұрыс таңдау, тақырыптың өзектілігі айтылды. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Д. Халметова заман ағымындағы білімнің дамуындағы өзгерістерге тоқтала келе, жасанды интеллект бағдарламасы арқылы мұғалімдерге ғылыми жоба, мақала жазудың оңай және тиімді тұстарын ашып көрсетті. Оқушылардың қызығушылығын тудыратын әдіс — тәсілдермен бөлісті. Мұғалімдер керекті мағлұматтарды алып, оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізетіндігін айтып, ризашылықтарын білдірді.