«Дублер күніне” дайындық жұмыстары басталды

«Дублер күніне” дайындық жұмыстары басталды

Дата: 26.09.2024

Бүгін №28 мектеп-лицейінде білім ошағы басшылығымен бірлескен түрде өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерімен отырыс өткізілді.
Іс-шара барысында мұғалімдер күніне арналған мектептердегі білім алушылардың өзін-өзі басқару «ДУБЛЕР КҮНІН» өткізу ережелері, мақсат-міндеттері, оны өткізу нышаны мен тәртібі туралы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары З.Қалымбетова, А. Қулбергенова түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Дублер күнінің мақсаты — мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
Осы күні 11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырады. Дублер күні — бұл оқушылар нағыз мұғалімдер бола алатын күн. Сабақтарды жүргізудің маңызды екендігін сезіне алатын сәт.