Оқушылар жүлдегер атанды

Оқушылар жүлдегер атанды

Дата: 27.09.2024

Жуырда №28 мектеп-лицей ұжымының оқушылары «Көркем еңбек» пәнінен қалалық көрмеге қатысқан еді.
« Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қалалық кезеңіне көркем еңбек пәнінен оқушы лармен жетекшілері бақ сынады. Көрме-байқаудың нәтижесінде 2 оқушымыз байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. “Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдердің үлгісін жасау” номинациясынан ұлттық киімнің бірнеше түрін тіккен Мұратәлі Аружан I орынға ие болды. Жетекшісі Асанбаева Таңшолпан Сәрсенбекқызы.
Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы номинациясынан Мамырбай Айсезім I орынға ие болды. Жетекшісі Тұрапова Жадыра Әбдікәмілқызы. Жүлдемен оралған оқушыларымыз бен ұстаздарымызды құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!