Бүгін №28 мектеп-лицейінде “Бала қауіпсіздігі — қоғам келешегі” тақырыбында мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиынның басты мақсаты — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру.
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы шеңберінде ұлттық құндылықтарға негізделген іс-шаралар мен әлеуметтік жобалар жайлы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Қалымбетова айтып өтті. Балалардың қауіпсіздігін күшейту үшін “Заң және тәртіп” құндылықтарына сәйкес алдын-алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.






