КВЕСТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

КВЕСТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Дата: 27.09.2024

27-қыркүйекте №28 мектеп-лицейінде «Бақыт-отбасынан басталады» тақырыбында жоғары адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңірудегі озық отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ата-аналар арасында мектепшілік квест ұйымдастырылды. Жиналған ата-аналарды ұйымдастырушы тарап «Мейірім», «Ақ отау», «Болашақ», «Ізгілік» топтарға бөліп, ойынның ережелерімен таныстырды. Ата-аналар топпен дұрыс жұмыс жасай отырып, әр кезеңнің тапсырмаларын жүйелі орындап шықты. Нәтиже соңында белгіленген уақыттан ерте жетіп, «Мейірім» тобы алғашқылардың бірі болды. Ойын соңында ата-аналарымыз марапатталып, алған әсерлерімен бөлісті.