№28 мектеп-лицейінде жоспарға сәйкес “Білім сапасын арттыру:мақсат және нәтиже” тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Спикерлер Р.Абдусамедова мен А.Асрауова жас мамандарға өзіндік әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сабақты шаттық шеңбері арқылы бастап, топқа бөлу, постер қорғау,жағдаяттық сұрақтарға жауап беру сынды педагогикалық әдістерді ортаға салды. Мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық байланысты бейнеролик арқылы әсерлі жеткізе білді.Күнделікті сабаққа тыңғылықты дайындалу, көрнекіліктер арқылы оқушыға нәтижелі білім беру жолдарын ұсынды. Қатысушы мұғалімдер ұйымдастырушы тарапқа алғыстарын айтып, пайдалы ақпараттар алғандығын жеткізді.