Күз- береке мен байлықтың бастауы, даланың дархан дастарқаны.
Осы орайда күз кереметтерін көрсету,оқушылардың бойына рухани адамгершілікті қалыптастыру мақсатында
№ 28 мектеп лицейінің бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен «Берекелі алтын күз» тақырыбында апталықтың ашылу салтанаты өтті. Іс шарада бастауыш сынып оқушылары күз мерекесіне байланысты өлең шумақтарын оқып, ән айтып, би биледі. Күз ханшайымы қонаққа келіп, күз молшылығымен және береке айы болсын деп тілегін жеткізді. Апталық жоспарымен таныстырып, әр күні өткізілетін іс шараға белсенділікпен қатысуға шақырды.



