1-ҚАЗАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ

1-ҚАЗАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ

Дата: 01.10.2024

Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде елімізде жыл сайын 1-қазан күні Халықаралық қарттар күні мерекеленеді. Аталмыш мерекеге орай №28 мектеп-лицейінің мұғалімдері және 8-сынып оқушылары қариялардың үйіне мерекемен құттықтап барды. Оқушылар үй шаруасына көмек беріп, ауласын тазартуға атсалысты. Қарияларға сыйлықтарын ұсынып, өнерлерін көрсетті. Ыстық ілтипатқа разы болған қариялар қонақтарды ақ батасын беріп шығарып салды.