МЕКТЕПШІЛІК “АЛТЫН САҚА” ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

МЕКТЕПШІЛІК “АЛТЫН САҚА” ОЛИМПИАДАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Дата: 02.10.2024

Кеше №28 мектеп-лицейінде 5-6 сынып оқушылары арасында мектепшілік “Алтын сақа” пәндік олимпиадасы өткізілді.Аталмыш білім сайысы — математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыруды және қабілетті балаларды анықтап, оларды ынталандыруды мақсат етеді. Математикалық іріктеу олимпиадасына 5-6 сыныптардан жалпы 47 оқушы қатысты. Кіл жүйріктен озып шыққан 5-сынып оқушылары Әбдікерім Біржан мен Асилхан Марлен, 6-сыныптан Олжасұлы Заңғар мен Мұхан Жания қалалық кезеңге жолдама алды. Мектепшілік кезеңнен сүрінбей өткен оқушылар алдағы уақытта қалалық, облыстық кезеңдерде бақ сынайды. Оқушыларға сәттілік тілейміз!