Бүгін №28 мектеп-лицейінде “ Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің дінтанушы — теолог мамандарының қатысуымен Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жобасы аясында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Басқосу аясында сала мамандары мектеп оқушыларына қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен руханияты, өмірлік ұстанымдары мен салт-дәстүрлері, дүниетанымы осы діннің құндылықтарымен сабақтаса қалыптасқанын түсіндіріп өтті. .
Дәстүрлі құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтау заман талабы. Жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресте қоғамда ұлттық және діни-рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау арқылы ғана біз бүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғауды қамтамасыз ете аламыз.


