«ҰШҚЫР ОЙ – ПІКІРСАЙЫС АЛАҢЫ»

«ҰШҚЫР ОЙ – ПІКІРСАЙЫС АЛАҢЫ»

Дата: 08.10.2024

Мектебіміздің қызықты да көңілді жұмыс жасайтын – «Ұшқыр ой» дебат клубы өз жұмысын бастады. Дебат клубының көшбасшылық қызметін мектебіміздің 9 «Ә» сынып оқушысы – Айдархан Нұрай қолға алды.
Жиналыста дебат клубының маңыздылығы, атқаратын қызметтері және жоспарлары таныстырылды. Жетекші мұғалімдер де оқушыларға ережелер мен ойынның құпия сырларымен бөлісті.
Әр апта сайын апталық ойын жеңімпазын анықтап, ай сайын айлық ойын өткізіп, жеңімпаздарына қала турнирге жолдама беретін бұл клубтың жұмысы өте қызықты. Клуб мүшелері әр қарарға дайындалу барысында өздерінің білімдерін шыңдап, ізденіс аяларын кеңейтеді…
Біздің клубқа мүше болып, пікірсайыс ойындарының жеңімпазы болуға асығыңыздар, құрметті оқушылар!