«Дәрумендер» тақырыбында ертегі қойылымы ұйымдастырылды

«Дәрумендер» тақырыбында ертегі қойылымы ұйымдастырылды

Дата: 09.10.2024

Бүгін №28 мектеп-лицейінде «Берекелі алтын күз» апталығының аясында 4-сынып оқушыларының сахналауымен «Дәрумендер» тақырыбында ертегі қойылымы ұйымдастырылды. Халық прозасының көркем түрі арқылы балалардың таным-түсінігін арттыру, ой-өрісін дамыту мақсатын көздеген ертегі тамашалаушыларға үлкен әсер қалдырды.