Бүгін №28 мектеп лицейінің ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Мектеп ауласының, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосқан ұстаздар іске жұмыла кірісті. «Тазалық-табалдырықтан басталатынын» назарға алған ұжым қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарайды. Алдағы уақытта да қала тазалығын сақтау мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады.