Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен жалғыз қазақ. Тарихи ерлігін небәрі 21 жасында жасаған батырдың дүниеге келгеніне биыл 100 жыл толып отыр. Аталмыш мерейтойға орай 14-қазан күні жалпы білім беру ұйымдарында “Рахымжан Қошқарбаев Рейхстагқа тігілген ту” тақырыбында бірыңғай сабақтар өткіізілді. №28 мектеп-лицейінің ұстаздары сынып сағатында оқушыларға қазақ халқының қаһарман ұлы Рахымжан Қошқарбаевтың өмір жолынан мәліметтер беріп, ерліктерін насихаттау, білімгерлерді шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу ісіне өз үлестерін қосты.