Бүгін мектебіміздің «Жебе» драмалық үйірмесінің талантты оқушылары қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Менің атым Қожа» шығармасын сахналады. Қойылым көрермендерді балалық шақтың қызықтары мен Қожаның өміріндегі тәрбиелік мәні зор оқиғаларға үңілуге шақырды.
Шара аясында оқушылар арасында жазушының өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс жеңімпаздарына Бердібек Соқпақбаевтың кітаптары сыйға тартылды. Бұл мәдени шара балаларға ұлы жазушының шығармашылық мұрасын терең түсініп, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттырды. Шара мақсаты — жас ұрпаққа рухани тәрбие беру мен әдеби мұраны насихаттау.
Өнер көрсеткендер:
Қожа — Нұрислам Қайырбек, Жанар – Маматкүл Әжіби, Жантас- Мүслім Әділет, Майқанова — Таласпай Көркем , зоология пән мұғалімі Оспанов — Сәрсенбай Сырым, Темірбек – Балғабай Бексұлтан, Қожаның әжесі – Абдумүтәліпқызы Айшагүл, Сәйбек қарт –Қалдыбай Ерқанат, Қожаның сыныптасы — Мүслім Азамат және іс-шараны жүргізген Махмут Гүлім.
«Жебе» драмалық үйірмесінің жетекшілері, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері: Гүлбану Бектаева мен Ақнұр Оспанова







