Мектебімізде 10-11-сыныптарға арналған республикалық «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға барлығы 10-11 сыныптардан алдын-ала іріктеуден өткен оқушылар қатысты.
Оқушылардың жұмыстарын мектеп-лицей директоры бұйрығымен бекітілген қазылар алқасы тексеріп, қалалық кезеңге өтетін оқушыларды анықтады. Мектепшілік сыннан сүрінбей өткен 10-сынып оқушылары Дария Рүстемова мен Аблайқызы Аяулым (жетекшісі математика пәні мұғалімі Д.Жағыпарова), 11-сынып оқушылары Өскенбай Батухан (жетекшісі математика пәні мұғалімі Н. Жармахан), мен Лесбай Мөлдір (жетекшісі математика пәні мұғалімі Б.Кодиров) қалалық кезеңде бақтарын сынайтын болады. Оқушыларға сәттілік тілейміз!

