Бүгін Алматыда «Жас патриоттар академиясының» VІ республикалық форумы басталды. Биылғы жиын «Патриотизм – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі арқауы» тақырыбына арналды. Форумның мақсаты – Қазақстанның жас патриоттарын тәрбиелеу, сол арқылы елімізде патриотизм рухында тәрбиеленген жас ұрпақтың элитасын қалыптастыру. Форумға №28 мектеп-лицей директоры Л.Жаналықызы мен белсенді оқушыларымыз қатысып қайтты. Мектебіміздің белсенді, үздік оқушылары Айдосқызы Анель, Жолдыбай Толғанай, Амангелді Сезім, Оралбеков Ернұр ҚР Жас патриоттарының төсбелгісімен марапатталды. Жас жеткіншектерге аталған қоғамдық бірлестіктің куәлігі мен төсбелгісі табыс етілді.Қатарластарынан оза шығып, қоғамдық жұмыста белсенділік танытқан білімгерлерімізді құттықтаймыз!