МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САЙЛАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ САЙЛАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Дата: 21.10.2024

Бүгін №28 мектеп-лицейінде “Өзін-өзі басқару” ұйымының Мектеп Парламентінің Президенті сайлауы өтті.
Сайлауға 7 оқушы үміткер болуға ұсыныс білдірді. Үміткерлер өз бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, сайлау алды бағдарламаларымен таныстырды. Сайлауда дауыс беруге 5-11 сынып оқушылары қатысты. Жалпы 822 дауыс жиналды. Сайлау нәтижиесінде 339 дауыс жинаған 9 “Ә”- сынып оқушысы Айдархан Нұрай МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ ПРЕЗИДЕНТІ етіп тағайындалды. Білім алушылардың білімге құштарлығын арттыру, өзін — өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара алдағы уақытта нәтижесін береді. Нұрай көпшіліктің үмітін ақтап, мектептің жандануы жолында аянбай жұмыс жасайды деп сенім білдіреміз.