«ЖАС ҰЛАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҚЫРАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

«ЖАС ҰЛАН» ЖӘНЕ «ЖАС ҚЫРАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

Дата: 23.10.2024

Бүгін №28 мектеп-лицейінде «Жас Ұлан»және «Жас Қыран»ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді. Жас ұлан» — мектеп оқушыларының бірлескен ұйымы. Бұл ұйымның басты мақсаты оқушыларды салтанатты түрде жиынға қабылдай отырып, Қазақстан мемлекетінің дарынды , қайратты білімді азаматы болуға, әдептілікке, адамгершілікке, бірлікке, адалдыққа үндей отырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін жастар тәрбиелеу болып табылады.
Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан» ұйымының қатарына өтудің жауапкершілігі мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. Өйткені, «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі 25 қазан Республика күні мерекесі қарсаңында өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.Онда мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар өз Отанының патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді.
Жас қабылданушыларға көгілдір галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілері қадалды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мөлдір Бақытқызы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданғандарды құттықтау тілегін айтты. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» Әнұранымен аяқталды.