БІРЫҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНДЫ ОРЫНДАДЫ
25 қазан Республика күніне орай №28 мектеп-лицейінде барлық оқушылар мен мұғалімдер бір уақытта Мемлекеттік Әнұранды орындады.Іс-шара мақсаты: білім алушылар арасында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға ықпал ету, бірлік арқылы өз Отаны үшін қадір-қасиет сезімін қалыптастыру. Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, елін-жерін ардақтау мақсатында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясындағы іс-шара жалғасын тапты.Мерекеге орай ұйымдастырылған “Бірыңғай Әнұран орындау” флешмобына мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары белсенді қатысты.
