БІЛІМ БӘЙГЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

БІЛІМ БӘЙГЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Дата: 31.10.2024

№28 мектеп-лицейінде 31-қазанда Республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
Түркістан қаласының білім бөлімінің 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жоспарына сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша 7 — 8 сынып оқушылары арасындағы олимпиаданың мектепішілік кезеңіне алдын-ала іріктеуден өткен оқушылар қатысты.
Оқушылардың пән олимпиадасы өткізілетін жалпы білім беретін пәндер тізбесі бекітіліп, 2024-2025 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша өтетін мектепішілік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары жасалды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадаға қазылар алқасы мен аппелияциялық комиссия құрамы бекітіліп, Әдістемелік бірлестіктің жетекшілерінен мектеп әкімшілігіне алдын-ала сұраныс беріліп, пәндер олимпиадасын өткізуде кезекшілік кестесі құрылды.
Мектепшілік олимиадаға 10 пәннен жалпы 97 оқушы қатысты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні – 12;
Орыс тілі мен әдебиеті пәні — 13;
Ағылшын тілі пәні – 11;
Математика пәні – 5;
Химия пәні – 6;
Биология пәні – 8;
Физика пәні – 9;
Информатика пәні – 12;
Қазақстан тарихы пәні – 14;
География пәні – 7;
Іріктеуден өткен 22 оқушы қалалық кезеңде бақ сынайды.
Қалалық кезеңге қатысуға 1- ші орын алған оқушылар жолдама алды.
Іріктеуден өтіп қалалық олимпиадаға жолдама алған оқушыларымызға сәттілік тілейміз! Алдағы уақытта сыннан сүрінбей өтіп, биік белестерді бағындырсын!