27-қазан мен 3-қараша аралығында Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен Халықаралық олимпиадаға №28 мектеп-лицейінің оқушылары қатысып, жеңіспен оралды. Олимпиаданы Анталияның Туризм академиясы қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Аталмыш шара оқушылардың бойындағы шығармашылық ерекшеліктері мен олардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын анықтау мақсатында ұйымдастырылған. Шара сонымен қатар тілді меңгеру, математика, туризм салалары бойынша өзара білім алмасу, түрлі мемлекеттердің оқушылары мен студенттері арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға бағытталды. Білім додасы дарынды оқушыларды ынталандыру және оларды шыңдауды көздейді. Сондай-ақ қатысушы елдердің өз арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік жасалған.
«XVІ INTERNATIONAL OLYMPIAD IN ANTALYA» деп аталатын Халықаралық олимпиада 2009 жылдан бері мектеп оқушыларының арасында жаратылыстану бағытындағы пәндерден өтетін білім жарысы. Доданың басты мақсаты – үздік білім мен тәжірибе, шынайы дарын иелерін тану және табысқа жету жолына серпін беру. Осы жылы қатысушылар саны да айтарлықтай көп болған.
«№28 мектеп – лицей» КММ директоры Нысанкулова Лазат Жаналиевнаның бастамасымен, Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Телемисова Ельмира Сатыбалдиевнаның ұйымдастыруымен 2024-2025 оқу жылында мектебімізден 12 оқушы Халықаралық олимпиадаға қатысып, 10 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларды олимпиадаға алып барған жетекшілер мектеп директоры Л.Ж.Нысанкулова және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Б. Бахыт. Түркия мемлекетіндегі Халықаралалық Туризм және Меймандостық Академиясының ректоры М.С. Мурзамадиевамен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының стратегиясын, жаратылыстану – математика бағытындағы пәндерді тереңдете оқыту, ғылыми – практикалық жобаларды жүргізу және интеллектуалдық деңгейін жан – жақты жүзеге асыру мақсатында меморандумға отырғандықтан, Түркістан қаласы бойынша мектебіміз 2021 жылдан бері шақырту алады. Білім ордасы 3 жыл қатарынан жүлдемен оралуда. Бұл да мектеп әкімшілігінің дұрыс позициясы және мұғалімдерінің нәтижелі жұмыстарының көрсеткіші. Көп ішінен суырылып шығып үздік нәтиже көрсеткен оқушыларымыз
1.Лесбай Мөлдір 11 «ә» сынып оқушысы география пәнінен 1-орын; жетекшісі: директор Нысанкулова Лазат Жаналиевна.
2. Лесбай Мөлдір 11 «ә» сынып оқушысы математика пәнінен 2-орын; жетекшісі: Жармахан Нұрдәулет Рахымжанұлы
3.Русланқызы Жания 9 «б» сынып оқушысы физика пәнінен 3 орын; жетекшісі: Махашева Жібек Усеновна
4.Айдарбек Арсен 7 «ж» сынып оқушысы орыс тілі пәнінен 3 орын; жетекшісі: Калымбетова Гульзира Сабитбековна.
5.Тынысбек Мерей 9 «б» сынып оқушысы дүние жүзі тарихы пәнінен 3 орын; жетекшісі: Аимбетова Лаззат Музаффаровна.
6. Анапия Еңлік 9 «б» сынып оқушысы дүние жүзі тарихы пәнінен 3 орын; жетекшісі: Аимбетова Лаззат Музаффаровна.
7. Пернебай Сымбат 9 «б» сынып оқушысы «Қыздар биі» конкурсынан 3 орын; Жетекшісі:Аимбетова Лаззат Музаффаровна.
8.Актанова Тамина 2 «б» сынып оқушысы математика пәнінен 3 орын; жетекшісі: Жалалова Бернора Асановна.
9.Актанова Тамина 2 «б» сынып оқушысы «Қыздар биі» конкурсынан 3 орын; жетекшісі: Жалалова Бернора Асановна.
10.Айдарбек Арсен 7 «ж» сынып оқушысы Ұлдар арасында «Суда жүзу» жарысынан 1 орынды иеленді.
Халықаралық білім додасында бақ сынап, жүлдемен оралған оқушылар мен ұстаздарды мектеп ұжымы,ата-аналар Шымкент әуежайынан зор құрметпен қарсы алды. Кіл жүйрікте кім жүйрік екендігін дәлелдеген мектеп ұжымы мен оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Алда алар асулары мен бағындырар белестері көп болсын!


