Түркия елінен жүлдемен оралған оқушыларымызды марапаттау рәсімі өтті

Түркия елінен жүлдемен оралған оқушыларымызды марапаттау рәсімі өтті

Дата: 09.11.2024

№28 мектеп-лицейінде Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерін ұлықтау және Түркия елінен жүлдемен оралған оқушыларымызды марапаттау рәсімі өтті. Естеріңізге сала кетсек, 27-қазан мен 3-қараша аралығында Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен Халықаралық олимпиадаға білім ордамыздың оқушылары қатысып, жеңіспен оралған болатын. «XVІ INTERNATIONAL OLYMPIAD IN ANTALYA» деп аталатын Халықаралық олимпиададан жүлдемен оралған 10 оқушымызды мектеп басшылары арнайы құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектестігін білдірді.
Сондай-ақ, Өзін-өзі басқару ұйымының 2024-2025 оқу жылындағы жаңа құрамын сайлау жұмыстары жүргізілді. Вице министр — Сұлтан Ерасыл, Білім министрі — Русланқызы Жания, Ақпарат министрі — Абілқас Қасиет, Мәдениет министрі — Тынысбек Мерей, Денсаулық сақтау министрі — Манатова Шұғыла, Әділет министрі — Болатхан Назерке тағайындалды. Мектебімізде жоғарғы сынып оқушыларынан құралған «Өзін-өзі басқару ұйымы»алдағы уақытта тың қарқынмен жұмыс істеуге ниетті екендіктерін жеткізді.