ЖАҢА БАҒЫТТАҒЫ АТА-АНАЛАРМЕН БАЙЛАНЫС ЖОБАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

ЖАҢА БАҒЫТТАҒЫ АТА-АНАЛАРМЕН БАЙЛАНЫС ЖОБАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Дата: 09.11.2024

Бүгін №28 мектеп-лицейінің директоры Л.Жаналықызы Бастауыш сынып мұғалімдеріне құндылыққа негізделген білім жобасы шеңберінде “Мұғалімдер лекториясын қалыптастыру” тақырыбында жаңа форматта семинар өткізді. Жиынның басты мақсаты: Ата-аналар жиналысының бағытын өзгертіп, жаңа форматқа ауыстыру, жиналыс сөзін лекториямен алмастыру, ұстаздарды жаңашылдыққа, ізденімпаздыққа баулып, инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып, нәтижеге бағытталған білім беруді ұйымдастыру. Басқосу барысында мектептегі шығармашылық топтың мүшелері, мұғалімдер Д.Халметова, А.Әмәлият, Н.Сайлауов ата-анамен байланыстың өзіндік әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Ситуациялық сұрақтар арқылы ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, “Ашық хат”, “Кері байланыс” жобаларын айтып өтті.
Жаңа форматта ата-анамен байланыстың жобасы талқыланды. Ата-ананы мектеп өміріне етене араластыру, баланың білім сапасын, тәртібін қолға алу — жаңа жобаның негізгі тармақтарының біріне айналмақ.
Лекторий (Дәрісхана) – белгілі бір білімі мен дағдысы бар маман дәрістер оқитын және семинарлар жүргізетін оқытудың педагогикалық формасы. Дәріс залы аудиторияны белгілі бір тақырыптар немесе тақырыптар бойынша ақпараттандыруға және тәрбиелеуге бағытталған.
Оның ерекшелігі интерактивтілігі болып табылады. Тыңдаушылар сұрақтар қойып, проблемаларды талқылап, өз пікірлерімен бөлісе алады.Басқосуда өзара әрекеттесу мен тәжірибе алмасуға баса назар аударылады.