Мектебімізде дәстүрге айналған «Жүзден жүйрік» зияткерлік ойыны өз жалғасын табуда. Пән аралық және логикалық сұрақтар арқылы оқушының ойлау дағдысын дамытуға көмектесетін бұл зияткерлік ойын оқушылардың береке-бірлігін нығайтып, оқуға, ғылым-білімге деген құштарлықтарын арттырады.
Бұл жолғы ойында 6 сыныптардың алғашқы 6 құрамы бақ сынады. Ойын нәтижесінде «Тараз» командасы болып құралған 6 «Ә» сыныбының алғашқы құрамы жеңімпаз атанып, айлық ойынға жоладама марапатын ұтып алды! Сонымен бірге, мектебіміздің бастауыш бірлестігіндегі әріптестерімізден құрам тапқан «Жанұя» командасы да өз бақтарын сынап, жоғары ұпайға қол жеткізді!
Келесі дүйсенбі күні сағат 15:00 де 6 сыныптардың екінші құрамы мен Ағылшын бірлестігіндегі әріптестерімізді зияткерлік ойында күтеміз!



