Қан топтары және қан құю. Резус-фактор» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Қан топтары және қан құю. Резус-фактор» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Дата: 16.11.2024

№28 мектеп-лицейінде 2024 жылдың 14 қарашасында жас мамандардың онкүндігінің ашылуы болды. Алғашқы ашық сабақты жас маман, биология пәнінің мұғалімі Шайықова Аружан Асқарқызы 8 «Ә» сыныбының оқушыларымен «Биология» пәнінен «Қан топтары және қан құю. Резус-фактор» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жораева Гулжамал Тулегеновна, және қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі Сұлтанова Гулмира мен Ләззат Аблаева, биология-химия бірлестігінің жетекшісі Серік Гүлзат, тағы басқа да ұстаздар қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Жас маман өз ашық сабағында әртүрлі жаңа платформаларды қолданды. Соның ішінде Canva, Wordwall, Educaplay платформаларымен оқушыларды қызықтыра білді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ жоспарға сай өткізіліп, мақсаты мен міндеттеріне жетті. Топта бірлесіп топтық жұмыс, жұптасып жұптық тапсырмаларды орындау арқылы сабақтың тақырыбының өзектілігін аша білді. Сонымен қатар, мұғалім “Отбасындағы жауапкершілік пен адалдық” құндылығын сабағына енгізе отырып оқушыларға ортақ түсінікті ұғындыра білді.