№28 мектеп лицейінің ұжымы «Таза Қазақстан» кең ауқымды акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке өз үлестерін қосты.


Жұмылған жұдырықтай білім ұясының тазалығын ойлап, ерікті еңбек еткен ұжым мүшелері мектеп ауласын арам шөптерден тазарту, ағаш көшеттерінің айналасын қопсыту, қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізілді.


«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты — ел арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың, әсіресе, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.

Қоршаған ортаның тазалығы — денсаулық кепілі екенін ескерген жандарға алғыс айтамыз.