Мектепішілік «Жүзден жүйрік» зияткерлік ойынында бұл апта 6 сыныптардың 2-құрамы бақ сынады. Ойын нәтижесінде «Бақыт» командасы болып құралған 6 «Г» сыныбының алғашқы құрамы жеңімпаз атанып, айлық ойынға жоладама марапатын ұтып алды! Сонымен бірге, мектебіміздің Ағылшын тілі бірлестігіндегі әріптестерімізден құрам тапқан «Тараз» командасы да өз бақтарын сынап, жоғары ұпайға қол жеткізді!
Келесі дүйсенбі күні сағат 15:00 де 6 сыныптардың үшінші құрамы мен Тарих бірлестігіндегі әріптестерімізді зияткерлік ойында күтеміз!









