«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫНЫҢ МЕКТЕПШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

«ЗЕРДЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫНЫҢ МЕКТЕПШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛДІ

Дата: 19.11.2024

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты № 28 мектеп-лицейінде 2-7 сынып оқушылары арасында мектепшілік «Зерде» республикалық зерттеу жобасының конкурсы өткізілді.
Конкурстың міндеттері – зерттеу жұмыстарына қызығушылық
танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау және насихаттау, қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару.
Конкурстың іс-шаралар жоспары бекітіліп, бағалау критерийлері бойынша баллмен бағаланды. Конкурсқа жалпы 5 жоба 7 оқушы қатысты. Жобалар төмендегі бағыттар бойынша қорғалып, әділқазылар алқасы тарапынан ұсыныс- пікірлер айтылып, іріктелген жобалар қалалық кезеңге өтті.