Бүгін “Тәуелсіз ой алаңы” дебат клубының алғашқы ойыны басталды. Дебатты жетекшілік ететін мұғалім Қалиева Айкерім, мектеп президенті Нұрай, ақпарат министрі Қасиет қатысушыларға ойынның жалпы барысын түсіндірді. Алғашқы ашылуында құрылған фракциялар “Тұмар”, “Тұңғиық”, “Дамушылар”, “Самұрық”, “Назар”. Фракцияларға берілген карарлар:
1. Онлайн оқу дәстүрлі оқудан жақсы ма? 2.Компьютер ойындары балаларға пайдалы ма, зиян ба?
3. Ғарышқа бару маңызды ма, жоқ па?
5. Достық өмірдегі ең маңызды нәрсе ме? 6. Балмұздақ жазда жақсы ма, қыста ма? Дебат ойыны әр аптаның сейсенбі күні сағат 13:00 де тұрақты түрде өтетін болады. Келесі ойында кездескенше!

