Мектебімізде «KINO TAIM» өз жалғасын тауып, 11 қараша күні «Дина. Күй құдірет» тарихи драмасын оқушылар мен мұғалімдерге көруге ұсынылды. Қазақтың әйгілі күйші композиторы, сазгері, «Күй анасы» атанған Дина Нұрпейісованың өміріне негізделген туындыны оқушыларымыз қатты қызығушылықпен көрді. Дина апамыздың өмірі жайлы фильм болашақ музыканттарға жаңа жол ашып, ұлттық дәстүрді жалғастыруға, қазақ музыкасының байлығын тамашалауға шабыттандырды. Қазақ мәдениетінің, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының байлығына бағытталған тарихи драма оқушыларға, жастарға мәдени мұраның маңыздылығын түсінуге көмектеседі.
Өскелең ұрпақты күйдің құдіретін сезінуге, дәстүрлі музыкалық аспаптарды үйренуге шабыттандырады.

