“Kitchen сlab”  асханасында 6 «Ә” сыныбы

“Kitchen сlab” асханасында 6 «Ә” сыныбы

Дата: 01.12.2024

№28 мектеп-лицейінде “Kitchen сlab” асханасында 6 «Ә” сынып жетекшісі Мерей Мәдіханқызы қыз балаларға тәрбиелік мәні мол іс-тәжірибе көрсетті. Тәтті торттардың жасалу жолын үйретті. Іс-шараға ата-аналар да қатысты. Мақсаты — оқушылардың өз бетімен тағам түрлерін дайындап үйрету арқылы аспаздық қабілеттерін дамыту, оқушыларға ас мәзірін ережеге сай әзірлеп, жеңіл тағам түрлерінің дайындау үлгілерін үйрете отырып, ұқыпты әзірлеуге, әсемдікке, өз бетінше еңбектенуге және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Өз кезегінде 6-9 сынып оқушылары кезегімен асханада ас әзірлеу, дастархан мәзірін даярлауды үйренетін болады. Мектеп өміріне ата-ананы етене араластыру, тығыз шығармашылық байланыс орнату мақсатында алдағы уақытта осындай игі іс жалғасын табады.